Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Көкшетау әкімдігі жаңа жылға жұлдыз шақыруға миллиондарды қайдан алған?

    Көкшетау әкімдігі жаңа жылға жұлдыз шақыруға миллиондарды қайдан алған?
    Фото: none

    Қала басшылығы 31 желтоқсанда өтетін мерекеге танымал әншіні шақырғанын ресми растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл ақпаратты жиында қаланың жауапты басшысының бірі жариялап, «қала тұрғындарына сый» болатынын айтты. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары мұндай «сыйдың» құнын сұрап, ашық пікір білдіре бастады.

    Көпшілік жаңа жылдық бағдарламаға емес, қаланың өзекті мәселелеріне қаржы бөлінуі қажет екенін алға тартуда.Әсіресе, биылғы қымбатшылық кезінде шоуға ақша шашу орынсыз деген пікір күшейді.

    «Әкімдік бұл шараға қаржыны қайдан алды, халықтың ақшасы ма?» деген сауал қоғамның басты тақырыбына айналды.

    Желі жұрты мұндай шешім көпшіліктің қатысуынсыз қабылданғанын айтып, ашық есепті талап етті. Тұрғындар тіпті жергілікті өнерпаздарды қолдап, олардың тегін немесе әлдеқайда арзан концерт бере алатынын жазып жатыр.

    Ал әкімдік әзірге тек концерт өтетінін ғана хабарлап, шығын көлемі туралы нақты мәлімет бермей отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →