Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Депутат ашық жиналыстан тұрғындарды қуып шықты: Атыраудағы шенеуніктер дауға қалды

    Депутат ашық жиналыстан тұрғындарды қуып шықты: Атыраудағы шенеуніктер дауға қалды
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Атырауда өткен ашық жиналыста депутаттардың тұрғындарды залдан қуып шығуға әрекеттенуі әлеуметтік желіде үлкен сынға ұшырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жиынға келген халық малдың жаппай қырылуына, ветеринариялық бақылаудың жоқтығына және аурудың нақты себебі анықталмағанына қатысты өткір сұрақ қойғанда, депутаттар жауап берудің орнына айғайға басқаны видеодан анық көрінеді.

    Тұрғындар «не себепті бақылау болмады, неге ешбір маман дер кезінде араласпады?» деп талап қойғанымен, жергілікті билік өкілдерінің нақты жауабы болмаған. Жиында ветеринария бөлімдері бірде-бір рет утилизацияға қатыспағаны, фермерлердің өздері өлексені өртеп жатқанын халық ашық айтты. Сонымен қатар Атырау базарларында ауру малдың еті сатылғаны жайлы фактілер айтылып, бұл жағдай одан сайын дабыл көтерді.

    Халық депутаттарды «WhatsApp топтарына да кірмейді, тұрғындармен байланысын мүлде жоғалтқан» деп айыптады. Жиналыстан тұрғындарды қуып шығу әрекеті шенеуніктердің халықпен диалогқа дайын еместігін айқын көрсетіп, өңірдегі ветеринариялық дағдарысқа деген сенімді одан әрі төмендетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →