Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек «Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаева ота жасатуға мәжбүр екенін айтты (ВИДЕО) БҰҰ АҚШ президенті Трамптың 20% алым шешімін айыптады Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек «Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаева ота жасатуға мәжбүр екенін айтты (ВИДЕО) БҰҰ АҚШ президенті Трамптың 20% алым шешімін айыптады Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер?

Луврдағы ұрлық туралы фильм түсірілмек

Луврдағы ұрлық туралы фильм түсірілмек
Фото: canva

Жоба авторлары болашақ картинаны деректі фильм форматында түсіруді көздеп отыр.

Францияның ең әйгілі музейіндегі ұрлық тарихы Голливуд сценаристерінің назарын аударған қызықты оқиға. Сондықтан бұл сюжет бір күні үлкен экранға шығатыны әуел бастан-ақ белгілі болды. The Hollywood Reporter жазғандай, фильмге айналдыруға қатысты нақты жоспарлар жасалған.

Фильмде қылмыстың қалай жасалғаны, тергеудің әр сәті және қылмыскерлерді іздеу операциясы нақты уақыт режимінде көрсетілмек. Соның ішінде ұрланған зергерлік бұйымдардың қалай кетуі мүмкін екені, қара нарық па әлде Антверпендегі алмаз саудасы ма, жан-жақты зерттелетін болады.

Фильмнің артында америкалық режиссер Ар Джей Катлер мен француз деректі фильм маманы Лоран Бузеро тұр. Олар тру-крайм мен триллер жанрын біріктіретін жобаны қолға алды. Картинаның мақсаты – полиция тергеушілерінің жұмысын барынша шынайы түрде көрсету. Авторлардың айтуынша, фильмде оқиғаның куәгерлері, музей қызметкерлері және қала тұрғындары да сөз алады.

Еске сала кетейік, 19 қазанда төрт қарақшы құрылысшылардың киімін киіп, мобильді көтергіш арқылы музейдің терезесінен кіріп, 80 миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды алып кеткен еді. Қазір бірнеше күдікті ұсталғанымен, бағалы әшекейлердің қайда екені белгісіз. Тергеу тобы қарақшылыққа қатысы бар өзге адамдарды және қылмысты ұйымдастырушыларды іздеуді жалғастырып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →