Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Астанада 20 жастағы жігіт тұрақтағы көліктің үстіне шығып, секірді (ВИДЕО)

    Астанада 20 жастағы жігіт тұрақтағы көліктің үстіне шығып, секірді (ВИДЕО)
    Фото: видеодан скриншот

    Астанада 20 жастағы мас жігіт Mazda маркалы автокөліктің үстіне секіріп, оған зақым келтірген. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы автотұрақта болған.

    «Полицейлер құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша  әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза кесілді», — деп жазылған хабарламада.

    Елорда полициясы өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіру жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды бір-біріне құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →