Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты

    «Мемлекет мені ұмытсын!»: Қазақстанда азаматтар өздерін базадан өшіре алады

    «Мемлекет мені ұмытсын!»: Қазақстанда азаматтар өздерін базадан өшіре алады

    Фото: istockphoto.com

    Мәжілісте Қазақстанның Цифрлық кодексі жобасы қаралып жатыр. Құжатта азаматтардың «ұмытылу құқығы» көзделген. Депутаттар қазақстандықтар өздерінің деректерін мемлекеттік базалар мен жекеменшік құрылымдардан толықтай өшіре ала ма деген сұрақ қойды.

    Цифрлық кодекс жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева бұл құжатта алғаш рет адамның цифрлық құқықтары қарастырылғанын атап өтті. Сол құқықтардың бірі – цифрлық ұмытылу құқығы, яғни азаматтың өз деректерін түрлі базалардан жою мүмкіндігі.

    Депутат нақтылай сұрап, мемлекеттік және жеке платформалар арасында деректер үнемі алмасып, көбейіп отыратын жағдайда бұл құқықты іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін бе деп қызығушылық танытты. Ол мемлекеттік базалар мен жеке сервистерден деректерді қалай жоюға болатынын сұрады.

    Кодекс жобасының авторларының бірі, Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева толық ұмытылу құқығын цифрлық ортада толығымен іске асыру қажет деп санайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →