Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Үндістанда көлік жарылып, 8 адам қаза тапты

    Үндістанда көлік жарылып, 8 адам қаза тапты

    Фото: report.az

    Жарылыс Нью-Дели қаласының ең танымал тарихи орындарының бірі – Қызыл форт маңында болған. Нәтижесінде 8 адам көз жұмып, 20 адам жарақат алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BBC-ге сілтеме жасап.

    Басылымның ақпаратына сүйенсек, Hyundai i20 маркалы көлік метро станциясының кіреберісі маңайында жарылған. Машина ішінде үш адам болған. Жарылыстың толқыны жақын тұрған көліктерге зақым келтіріп, бірнеше көлік пен рикшалар өртке оранған.

    Қызыл форт – XVII ғасырда Ұлы Моғолдар дәуірінде бой көтерген тарихи цитадель. Бұл орын туристер арасында танымалдыққа ие.

    Куәгерлер көліктің баяу қозғалып келе жатып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған кезде жарылыс болғанын айтады. Полиция оқиға орнын қоршауға алды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

    NDTV телеарнасы көліктің иесі ұсталғанын хабарлады. Бұл оқиғадан кейін бірнеше штатта қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →