Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Оқулықтарды мерзімінен бұрын жинап алған мектептер жазаланады

    Мектептерде оқулықтарды ерте жинап алуға жол жоқ. Десе де бұған қарамастан оқулықтарды өткізіп тастаған оқушылар аз емес.

    «Мемлекеттік стандарт бар, оқу бағдарламасы бар. Егер мектеп стандарттарды орындамаса – бұл қаржылық бұзушылықтар, өйткені олар жалақы алады, бұл оқу бағдарламасы. Біз қазір мониторинг жүргізіп, мемлекеттік стандартты орындамайтын мектептерді анықтап жатырмыз. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белгілі бір шаралар қабылданады», — деді министр Үкімет кулуарында.

     

    Десе де, Ғани Бейсембаев оқулықтарды мерзімінен бұрын жинағаны үшін мұғалімдер мен директорларға қандай жаза қолданылатынын нақтылаған жоқ.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды, яғни биыл ел мектептерінде 31 мамырға дейін сабақ болады.

    Бұдан бұрын министр “Оқу жылының ұзақтығы қайтадан 25 мамырға дейін қысқартыла ма,” деген сұраққа жауап берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →