Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады •

    Ризабек Айтмұхан U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Ризабек Айтмұхан U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Фото: ҰОК

    Ризабек әлем чемпионатындағы барлық қарсыластарын ірі есеппен жеңді.

    Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында еркін күрестен 97 келі салмақта белдескен Ризабек Айтмұхан қола медаль иеленді.

    Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол U20 әлем чемпионы, ирандық Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен жеңді.

    Іріктеу кезеңінде Ризабек айтарлықтай жетістіктерге жетті: Ибрахим Бенеколиді (Түркия) 11:1, 1/8 финалда Аймар Егиноаны (Испания) 10:0, 1/4 финалда Гарроуз Куекабакила (АҚШ) 11:0 есебімен жеңді.

    Ризабек Айтмұхан 2024 жылы дәл осы жаһандық додада барлық қарсыластарынан басым түсіп, топ жарған болатын.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, өз тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірін тіркеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →