Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды

    Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды

    Қазақстан құрамасы 7 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпаймен “J” тобында 4-орынға жайғасты.

    2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ойын өте қарқынды түрде басталды. “Қазақстан” құрамасы бірнеше мәрте қарсыластың қақпасына шабуыл жасап, қауіпті соққылар сериясын кезек-кезек жалғастырды. Дегенмен бірінші таймда қос командада есеп еше алмады.

    Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараманның артқа қарай қайшылай келіп соққан добы қарсыластың қақпасына дәл дарып, “Қазақстан” құрамасын алға шығарды. Алайда 75-минутта Солтүстік Македония сапынан Энис Бардидің айып соққысынан кейін таразы басы теңесті. Нәтижесінде ойын тең есеппен аяқталды.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 7 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпаймен “J” тобында 4-орынға жайғасты. Ал Солтүстік Македония 13 ұпаймен 2-орынға тұрақтаса, үздіктердің көшін 14 ұпай жинаған Бельгия құрамасы бастауда. Енді ұлттық құрама ойыншылар 15 қарашада Астанада “Бельгия” құрамасын қабылдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →