Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда

    Әріптің көптігі мықтылық емес, тілдің тәуелділігі — лингвист Серік Ерғали

    Әріптің көптігі мықтылық емес, тілдің тәуелділігі — лингвист Серік Ерғали

    Фото: видеодан кадр

    Математик, мәдениеттанушы, лингвист, публицист Серік Ерғали “Qasqa jol” подкастында қазақ тілі мен мәдениетінің қазіргі жағдайы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, қазақтардың ешқашан тұрақты төл әліпбиі болмаған:

    “Ахмет Байтұрсынұлы 1928 жылы төте жазу мен емлесін ойлап тапты. 1940 жылға дейін өз әліппеміз болды. Ал 40 жылдан бері 85 жыл бойы орыс-қазақ әріптері араласқан қойыртпақ әліпбиді пайдаланып келеміз. Бізде небәрі 32 әріп болуы керек. Ал Совет кезінде әзірбайжандар өздерінің 32 әріпімен отырды. Ал 42 әріп бізде және башқұртта ғана болды. Әріптің көптігі мықтылық емес, тілдің тәуелділігі”, – деді ғалым.

    Сондай-ақ ол қазақтардың акцентсіз сөйлеуіне қарамастан, орыс дыбыстарын пайдаланып, төл дыбыстарынан айырылып қалғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Серік Ерғали қоғамдағы тағы бір өзекті мәселеге тоқталды. Оның сөзінше, қазіргі бет-жүзін тұмшалап, қара жамылып жүргендердің жартысынан көбі шынайы діндар емес:

    “Олар тек еліктеп жүр. Бұны қорқынышты деп қарауға болмайды”, – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →