Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы •

    4-сынып оқушылары енді француз, неміс, ағылшын тілдерін оқиды

    4-сынып оқушылары енді француз, неміс, ағылшын тілдерін оқиды

    Фото: Pixabay

    Қазақстанда 4-сыныптан бастап оқушыларға бірнеше шет тілін меңгеру мүмкіндігі беріледі, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл бастама балалардың тілдік дағдыларын ерте қалыптастырып, олардың болашақтағы білім алу және кәсіби жолында қосымша артықшылыққа ие болуына жол ашады.

    Жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, бастауыш мектептің жоғары сыныптарында (3–4-сынып) ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылады. Ал 4-сыныптан бастап қосымша шет тілі ретінде француз немесе неміс тілін таңдауға мүмкіндік бар.

    Бұл пәндер аптасына 2 сағаттан жүргізіліп, оқушының тілдік көкжиегін кеңейтуге бағытталған.

    Мамандардың пікірінше, ерте жастан бірнеше тілді қатар меңгеру баланың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әлемдік мәдениеттерді тануға, өзге елдердегі замандастарымен еркін тілдесуге мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →