Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қазақстан азаматтығын алуға қойылатын талаптар жаңартылды

    Қазақстан азаматтығын алуға қойылатын талаптар жаңартылды

    Фото: inbusiness.kz

    Қазақстан азаматтығын алуға үмітті адамдар мемлекеттік тіл (қазақ тілі), Қазақстан тарихы және Конституцияны білу деңгейі бойынша емтихан тапсырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға сәйкес, азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру туралы өтініш мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын уәкілетті орган айқындайтын көлемде білуі негізінде қабылданады», – делінген құжатта.

    Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетін азаматтарға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді:

    – мемлекеттік тілді (қазақ тілі) қарапайым деңгейде білу – кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болатын);

    – Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін білу – кемінде 20 балл (бұрын 9 балл болатын);

    – Қазақстан тарихын білу – кемінде 15 балл (өзгеріссіз).

    Бұйрық 2025 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңартылған талаптармен толығырақ сілтемеге өтіп танысуға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →