Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетауда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО) Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Гонконгты жеңді Көкшетауда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО) Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды Жол ережесін жылына 10 рет бұзса, көлік жүргізуге шектеу қойылуы мүмкін Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Гонконгты жеңді

    Израиль Йемен астанасына әуе шабуылын жасады

    Израиль Йемен астанасына әуе шабуылын жасады

    Фото: AFP

    Израильдің әскери ұшақтары жексенбі күні Йемен астанасы Сана қаласындағы үкіметтік және әскери нысандарға бірқатар әуе соққысын жасады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

    «Аль-Масира» телеарнасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар әуе шабуылдары президент сарайы, астаналық хатшылық ғимараты, мемлекеттік мұнай компаниясының ғимараты, жанармай қоймалары мен электр станциялары орналасқан қаланың орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде болғанын хабарлаған.

    Сондай-ақ, бірнеше нысанда ондаған жарылыс пен өрт шыққаны, оқиға орындарына жедел жәрдем көліктері жеткені туралы айтылды. Медицина қызметкерлері құрбандар барын мәлімдеді, алайда ресми деректер әзірге жарияланған жоқ.

    Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац шабуыл жасалғанын растады, бірақ егжей-тегжейін ашпады.

    Израильдің әскери радиосы әуе шабуылдарының аяқталғанын, мақсат ретінде электр станциялары, президент сарайы мен жанармай қоймасы таңдалғанын хабарлады.

    Айта кетейік, бұған дейін Израиль Йеменнің Ходейда портына соққы берген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →