Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр •

    Қазақстан АЭС құрылысына қаржыны қайдан алады

    Қазақстан АЭС құрылысына қаржыны қайдан алады
    Фото: Orda.kz

    Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының болашақ операторы – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қаржыландыру көздері туралы мәлімдеді.

    Компанияның ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда ресейлік банктермен мемлекетаралық экспорттық несие алу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұған дейін айтылған 14 млрд доллар сома тек алдын ала бағалау болып табылады.

    «Бұл – индикативті құн. Оған станцияның орналасу жері, техникалық шешімдер және жабдық жеткізушілерін таңдау сияқты көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Жобаны жүзеге асыру үшін жетекші халықаралық компанияларды тарту мақсатында халықаралық консорциум құру жоспарланып отыр. Негізгі қаржыландыру көзі ретінде мемлекетаралық экспорттық несие қарастырылуда, оның шарттары ресейлік әріптестермен талқыланып жатыр», — деді «КАЭС» ЖШС бас директоры Ернат Бердіғұлов.

    Ол сондай-ақ электр энергиясының тарифі қалай қалыптасатынын түсіндірді. Оның айтуынша, тариф құрамына қарыз қаражатын өтеуге кететін шығындар да кіреді.

    «Кез келген компания пайда табуға мүдделі болады. Станция Қазақстан Республикасының меншігінде қалады. Тариф пайдалану шығындары мен қаржыландырудың қайтарымын қамтамасыз етуге қажетті шығындар негізінде белгіленеді», — деп атап өтті Бердіғұлов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →