Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Отбасы банк ипотекаға үй кепілінің жасын 10 жылға ұлғайтты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Отбасы банк ипотекаға үй кепілінің жасын 10 жылға ұлғайтты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді

    Жамбылда ер адам аяғы ауыр әйелін өлтірген

    Жамбылда ер адам аяғы ауыр әйелін өлтірген
    Фото: pexels
    Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүкті әйелін өлтірген ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды.

    Қанды оқиға 2024 жылдың тамызында Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында болған. Тергеу дерегінше, отбасылық жанжал кезінде ер адам жүкті екенін біле тұра, әйелінің мойын тұсына пышақ сұғып, оқиға орнында өлтіріп кеткен.

    Марқұмның жүктілігін, қылмыстың ауырлығын сот сараптамасы мен куәгерлердің сөздері дәлелдеген.

    Прокуратура 18 жыл сұрағанымен, сот күдіктінің кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 4-тармағына (жүктi әйелдi өлтiру) сәйкес ең төменгі жаза — 15 жыл түрме кескен. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Бұған дейін Жетісу облысындағы Баласаз ауылында да аяусыз қылмыс тіркелген. Айзат Жуманова есімді 32 жастағы жүкті әйелді туыстарының айтуынша, күйеуі бірнеше сағат бойы қинап, кейін аттың шанағына байлап, жермен сүйреткен.

    Алайда тергеу бұл істі “абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, өлімге әкелу” бабымен қарап жатыр. Қайғыдан қан жұтқан отбасы істі “ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” бабы бойынша қайта саралауды талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →