Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Балқашта «Қазмыстың» қызметкері 8 жастағы баланы азаптаған (ВИДЕО)

    Балқашта «Қазмыстың» қызметкері 8 жастағы баланы азаптаған (ВИДЕО)

    Фото: видеодан алынған кадр

    Балқаш тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған ұлын «Қазмыс» АҚ қызметкері Алмас Басымбеков аяусыз ұрып-соғып, азаптағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Анасының айтуынша, 8 жастағы баланың саусақтарын сындырған, басынан ұрған және денесін күйдірген.

    — Екі баланың әкесі болып отырған ересек адам кішкентай балаға өз бетінше «жаза» қолданып, азаптады. Бұл — заң тарапынан ең қатаң әрі принципті баға беруді қажет ететін әрекет, — деді ол.

    Әйел күдіктінің полиция және медицина мекемелерімен байланысы болуы мүмкін екенін айтып, істі жабуға тырысуы ықтимал деп алаңдайды. Сондай-ақ отбасының қауіпсіздігіне қорқып, барлық мәліметті ашып айтуға дайын еместігін жеткізді:

    — Қазір моральдық соққы мен күйзеліс жағдайындамын… Адвокатпен бірге толық мәлімдеме дайындаған соң, барлық деректі жариялаймын, — деді ол.

    HALYQSTAN тілшісінің мәліметінше, әйел адвокат қызметін төлеу үшін қаражат жинап жатыр. Қажетті 700 мың теңгенің 500 мыңнан астамы жиналған.

    Қарағанды облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    — Тергеу жүргізілуде, қосымша жедел-тергеу шаралары және бірқатар сараптамалар тағайындалды, — деді ведомство өкілдері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →