Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Қазақстандық әйелдерге жүктіліктен сақтайтын таблеткаларды тегін беру ұсынылды

    Қазақстандық әйелдерге жүктіліктен сақтайтын таблеткаларды тегін беру ұсынылды

    Фото: freepik.com

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы ана өлімін азайту үшін контрацептивтерді сатып алуға бюджеттен қаржы бөлу керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Үкімет отырысында сөйлеген министр қазіргі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанның алты өңірінде ана өлімінің өсуі байқалып отырғанын алға тартты.

    «Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіші Ақмола облысында тіркелген. Ол республикалық деңгейден жеті есе жоғары. Қайтыс болу себептерінің құрылымында ауыр экстрагениталды аурулар – 55%, акушерлік себептер – 45%», – деді Әлназарова.

    Министр бұл тәуекелдерді азайту үшін қабылдануға тиіс шараларды атады. Ол әкімдіктерден дәрігерлерді жұмысқа тартуға, олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлуді сұрады.

    «Жергілікті атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен жүкті әйелдер мен балаларды облыстық орталықтарға жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ бала туу жасындағы осал топтағы әйелдерді контрацептивтік құралдармен қамту үшін қаржы бөлуді сұраймыз», – деді министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →