Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    «Әннің орнына Құран»: Жас жұбайлардың тойға шығу сәті көпшілік талқысына түсті (ВИДЕО)

    «Әннің орнына Құран»: Жас жұбайлардың тойға шығу сәті көпшілік талқысына түсті (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Желіде жас жұбайлардың өз тойында дәстүрлі “Жар-жар” айтпай, оның орнына Құранмен шығуы туралы видео кең тарады. Бұл оқиға қазақстандықтардың арасында қызу пікірталас тудырып, екі түрлі көзқарасқа себеп болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Көпшілік бұл қадамды қолдаса, енді бір бөлігі мұны қазақы салт-дәстүрге қайшы деп бағалады.

    «Арақпен өтетін тойлардан мың есе берекелі болады», – деп жазған жел қолданушысы.

    Сондай-ақ, кейбір оқырмандар мұндай дәстүрге қарсы екендігін білдірген.

    «Арабшылдық – қазақты азғырып, ұлтты жоюдың бір тәсілі. Ұлт сауатсызданған сайын дін күшейеді».

    Ал тағы бір пікірде:

    «Тойға келгендер түсінбей отыр, жаназаға ма деп қалған шығар», – деп жазылған.

    Той – қазақ халқы үшін тек қуаныш емес, ұлттың рухани және мәдени болмысының көрінісі. Әдетте келін түсіру рәсімдерінде “Жар-жар”, “Беташар”, күй мен ән, ұлттық киімдер қатар жүреді. Ал кейбір жастар бұл дәстүрлерді діни көзқараспен алмастырып жатқаны – бүгінгі қоғамдағы діл мен дін арақатынасының айқын көрінісі.

    Желі қолданушыларының пікірлерінен ұлттың ділін сақтау мәселесі ушығып тұрғанын байқауға болады. Бірі Құранмен шығуды ислам қағидаларын ұстанудың белгісі десе, енді бірі ұлттық ерекшеліктен алыстап кеткенін, тіпті «адасқан ұрпақ» деп бағалап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →