Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты •

    Елде адам саудасымен айналысқан топтар әшкере болды – күн сайын 1,5 млн теңге табыс тапқан

    Елде адам саудасымен айналысқан топтар әшкере болды – күн сайын 1,5 млн теңге табыс тапқан

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасымен айналысқан екі қылмыстық топ анықталды. Тергеу барысында күдіктілер интернет арқылы жезөкшелікпен айналысуға әйелдерді тартқан және жарнамалағаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтардың күн сайынғы табысы 1,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Ал 2024 жылдың басынан бері жалпы айналымы 1,7 миллиард теңгеден асқан.

    Тінту кезінде тәртіп сақшылары ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер мен телефондар және өзге де цифрлық құрылғыларды тәркіледі.

    Негізгі күдіктілер мен олардың сыбайластары қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің адам саудасы және ұйымдасқан қылмыстық топ құру баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

    Қазір тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Видео: ҚР ІІМ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →