Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қазақстанда күн күрт суытады

    Қазақстанда күн күрт суытады

    Фото: Pixabay

    «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2025 жылдың 29, 30 және 31 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, айдың соңғы күндері Қазақстандағы ауа райы жағдайына үлкен циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

    Осылайша, тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

    «Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық облыстарда, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады» , делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

    Жалпы республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады.

    Айта кетейік, солтүстік облыстарда ауа температурасы +18…+23°С дейін төмендейді.

    «Қалған аумақта температураның айтарлықтай ауытқуы болжанбайды», – деп түсіндірді метеорологтар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →