Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Аяғымен басып, жұлқылайды»: Алматыда түзету орталығындағы маман аутист қызға күш көрсеткен

    «Аяғымен басып, жұлқылайды»: Алматыда түзету орталығындағы маман аутист қызға күш көрсеткен

    Фото: Видеодан скриншот

    Алматыда ерекше балаларға арналған түзету орталықтарының бірінде жанжал шықты. Аутизмге шалдыққан қыздың анасы балаға қатыгездік көрсеткен мұғалімді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

    Алматыдағы жекеменшік түзету орталығының мұғалімінің балаға агрессия көрсетіп жатқан видеосы тарады. Маман тоғыз жасар Надияға айғайлайды.

    Қыз орталыққа сәуірден бері барып жүр. Анасы бір күні баласының қолының көгерген жерлерін көрген. Әйел бірден дабыл қағып, бейнежазбаны беруді сұрады.

    “Аяғымен басып, қолын сермейді, жұлқылайды. Қызым қолымен басын жабады. Ол ешқашан бұлай жасамаған. Ерекше балаға бір нәрсені үйретуге ұзақ уақыт керек, яғни бұл реакцияны бойында қалыптастырған. Осы орталықта тергеу жүргізіліп, маманның жазалануын қалаймын”, – деді баланың анасы Ризвангүл Ыбырайымова.

    Ризвангүл адвокатымен бірге әділдік орнату үшін бірнеше айдан бері құқық қорғау органдарының есігін қағып жүр.

    Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    “Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, қатысушылар мен куәгерлерді сұрауға, сараптамалық қорытындыларды алуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауда. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.

    Ризвангүл Ибраимова қазір баласын үйде оқытып жатыр. Осы оқиғадан кейін ерекше бала мұғалімдермен оқуға қорқады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →