Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады •

    Тауды тегістеген: Алматыда заңсыз салынған екі бірдей коттедж бұзылды

    Тауды тегістеген: Алматыда заңсыз салынған екі бірдей коттедж бұзылды

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы қаласының таулы аумағында орналасқан «Горный гигант» саяжай қоғамында екі заңсыз үй бұзылды. Бұл туралы қалалық Қала құрылысы бақылау басқармасына сілтеме жасап Qazaq.today ақпараттық агенттігі хабарлайды.

    Басқарманың мәліметінше, жер иесі құрылысқа ешқандай рұқсат құжаттар алмай үй салған және құрылыс барысында экожүйеге зиян келтірген.

    Жол салу үшін тау бөктерін ойып тастаған

    Құрылыс жүргізу үшін тау бөктерін ойып, жол салынған. Бұл әрекет табиғи ландшафт пен экожүйеге айтарлықтай зиян келтірген.

    «Басқарма тарапынан меншік иесіне экологиялық және құрылыс нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылып, жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілді. Алайда ол талап орындалмағандықтан, сотқа міндетті түрде бұзу туралы талап-арыз берілді», — делінген ресми хабарламада.

    Сот шешімімен үйлер бұзылды

    2024 жылғы 17 қазанда Медеу аудандық соты талап-арызды қанағаттандырып, заңсыз салынған нысандарды бұзу туралы шешім шығарды. Кейін шешім Алматы қалалық Әділет департаментіне жолданды.

    Жақында үй иесі сот шешімін өз еркімен орындап, үйлерді бұзып тастады. Қалада заңсыз салынған құрылыстармен күрес жүргізіле бермек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →