Жібек Құламбаева Чилидегі турнирдің чемпионы атанды
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Отандасымыз жұптық сында Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге бақ сынады.
Финалда қазақстандық-словениялық жұп украиналық Валерия Страховая мен ресейлік Анастасия Тихоновамен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.
Жарыс барысында Құламбаева мен Эрьявец Түркия өкілі Ипек Оз және Грекия теннисшісі Деспина Папамихаил жұбын жеңді. Ал жартылай финалда аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборннан басым түсті.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирде қатарынан екінші рет чемпион атанды. Бір апта бұрын ол Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияның Сопо қаласында өткен жарыста да топ жарған еді.
