Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайрат Боранбаев әйгілі «Реал Мадрид» клубының президентімен кездесті • «Мақтанады да жүреді»: Бейбіт Қорған өнердегі әріптестерін сынады • Петухов: «Барыс» Минск «Динамозына» тәртіпсіздіктен ұтылды • Тоқаев: Геологиялық барлау мен инвестициялық жобаларды жүйелі жалғастыру қажет • Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады • Енді меморгандар мен әкімдіктер е-өтінішпен түскен арызды бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды • Қайрат Боранбаев әйгілі «Реал Мадрид» клубының президентімен кездесті • «Мақтанады да жүреді»: Бейбіт Қорған өнердегі әріптестерін сынады • Петухов: «Барыс» Минск «Динамозына» тәртіпсіздіктен ұтылды • Тоқаев: Геологиялық барлау мен инвестициялық жобаларды жүйелі жалғастыру қажет • Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады • Енді меморгандар мен әкімдіктер е-өтінішпен түскен арызды бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды •

    Қайрат Боранбаев әйгілі «Реал Мадрид» клубының президентімен кездесті

    Қайрат Боранбаев әйгілі «Реал Мадрид» клубының президентімен кездесті
    Фото: instagram/@kairat4

    «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Мадридте «Реал» президенті Флорентино Переспен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қайрат Боранбаев Испания астанасына УЕФА-ның әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық жөніндегі комитеті төрағасының екінші орынбасары ретінде жұмыс сапарымен барған. Ол сапар барысында «Реал» мен «Сельта» арасындағы матчты тамашалады.

    Кәсіпкердің сөзінше, былтыр «Реал Мадрид» Алматыға келгенімен, клуб президенті Флорентино Перес командамен бірге келе алмаған. Сондықтан бұл жолы Перес Қайрат Боранбаевты Мадридте қонаққа шақырған.

    Кездесу барысында Перес Боранбаевқа «KAIRAT 1» деген жазуы бар футбол жейдесін сыйлады.

    «Мұндағы бірінші нөмір кім екенін білмеймін: мен бе, әлде «Қайрат» футбол клубы ма? Меніңше, екіншісі», – деп әзілдеді Боранбаев.

    Боранбаев «Қайраттың» соңғы бір жылдағы жетістіктеріне де тоқталды. Оның пікірінше, алматылық команданың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы мен Еуропада танылуы клуб академиясы мен жүйелі жұмыстың нәтижесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →