Ақбота Нұр Ыстанбұлда ем қабылдап жатыр, диагнозын күтуде
Әнші Ақбота Нұр Сейітмағанбет Ыстанбұлдағы емханалардың бірінде ем қабылдап жатқанын, диагнозын әлі білмейтінін әлеуметтік желіде жариялады.
Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy
Әнші Ақбота Нұр Сейітмағанбет бірнеше күннен бері Түркиядағы емханалардың бірінде ем қабылдап жатқанын және диагнозын әлі біле алмай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Соңғы екі жыл жүрегімнің ауырғанынан қатты қиналып кеттім. Енді диагнозды күтіп отырмын», — деп жазды әнші Ақбота Нұр.
