Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанованың үнсіздік сақтай білетін болмысын әңгімеледі • Теміртауда бір көліктің кесірінен үш жол апаты болды • Қайрат Боранбаев әйгілі «Реал Мадрид» клубының президентімен кездесті • «Мақтанады да жүреді»: Бейбіт Қорған өнердегі әріптестерін сынады • Петухов: «Барыс» Минск «Динамозына» тәртіпсіздіктен ұтылды • Тоқаев: Геологиялық барлау мен инвестициялық жобаларды жүйелі жалғастыру қажет • Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанованың үнсіздік сақтай білетін болмысын әңгімеледі • Теміртауда бір көліктің кесірінен үш жол апаты болды • Қайрат Боранбаев әйгілі «Реал Мадрид» клубының президентімен кездесті • «Мақтанады да жүреді»: Бейбіт Қорған өнердегі әріптестерін сынады • Петухов: «Барыс» Минск «Динамозына» тәртіпсіздіктен ұтылды • Тоқаев: Геологиялық барлау мен инвестициялық жобаларды жүйелі жалғастыру қажет •

    Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанованың үнсіздік сақтай білетін болмысын әңгімеледі

    Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде Әлия Бөпежановамен бірге жұмыс істеген жылдарын және оның үнсіздік сақтай білетін қасиетін әңгімеледі.

    Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанованың үнсіздік сақтай білетін болмысын әңгімеледі

    Сурет: sn.kz

    Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде жазушы Асқар Сүлейменовтің екінші жұбайы, әдебиеттанушы әрі жазушы Әлия Бөпежанова туралы жазба жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол Әлия Қаһарманқызымен бірнеше жыл бір ұжымда қызметтес болғанын айтып, жазушының өміріндегі айтулы сәттердің біріне қатысты естелігін бөлісті. Журналистің сөзінше, ол Әлия Бөпежановамен бір кабинетте отырып, бірнеше жыл бірге жұмыс істеген. Сондай-ақ жеке өміріндегі маңызды жаңалықты алғашқылардың бірі болып осы кісіге айтқанын жеткізді.

    «Әлия Бөпежанова, Әлия Қаһарманқызымен бір кабинетте отырып, бірнеше жыл бір ұжымда қызметтес болдық. Балама аяғым ауыр екенін сыр ақтарып айтқан адамдарымның алғашқысы да осы Әлия апай болатын. “Дана, ана болған күні дүниең төңкеріліп түседі, көресің!” деген еді…

    Асекең, Асқар Сүлейменовтың жүрегі қысылып, аурухана палатасына дәрігерлер кіріп келгенде қасында Әлия апай мен Айтоты анасы болған. Екеуін дәлізге шығарып жіберіп, дәрігерлер жазушының соңғы сәттерінде көмек көрсетуге тырысқанын, Асекеңнің демі үзілгенде олар дәлізде абдырап тұрған анасы мен Әлия Қаһарманқызына шығып: “Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Бекем болыңыз!” деп естірткенін Әлия апайдың өз аузынан естіп едім…

    …Екеудің арасындағы сырдың ақиқатын білетін екеу ғана. Сол ЖАЛҚЫ АҚИҚАТ солармен бірге өлуі тиіс. Өледі де!

    Әркім өз ақиқатымен қалады.

    Үнсіз ақиқатымен. Әлия Бөпежанова ҮНСІЗДІК-ПАУЗАНЫҢ мәнін түйсігіне түйген бекзат жан», – деп жазды журналист.

    Жазба авторы осылайша Әлия Бөпежанованың жеке өмірге қатысты құпияны жария етпей, үнсіздікті сақтай білетін болмысына ерекше тоқталған. Оның пікірінше, екі адамның арасындағы шынайы ақиқатты солардың өзінен басқа ешкім толық біле алмайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →