Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді •

    2026 жылы доллар бағамы 548 теңге болуы мүмкін

    2026 жылы доллар бағамы 548 теңге болуы мүмкін

    Бір жылдан кейін доллар бағамы 548,5 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының талдау орталығы хабарлады, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    Талдау орталығы шілде айындағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін жариялады.

    Зерттеуде бірқатар негізгі индикаторлар бойынша болжамдарға қатысты сұрақтарға респонденттердің жауаптары берілген: Brent маркалы мұнайдың құны; теңгеге қатысты доллар бағамы; инфляция; ЖІӨ; Ұлттық банк базалық мөлшерлемесі.

    Болжамға сәйкес, биылғы тамыз айының басында доллар бағамы 523,4 теңге болуы мүмкін. Қазір бұл көрсеткіш – 519,2 теңге. Сарапшылар бір жылдан кейін доллар бағамы 548,5 теңгеге дейін өсуі ықтимал деп отыр. Бұрынғы болжамда сәйкесінше 516,3 және 539,7 теңге деп көрсетілген.

    «Бұған қазіргі шот көрсеткіштерінің нашарлауы, экспорттық тауарлар бағасының тұрақсыздығы, сауда балансының профицитінің қысқаруы әсер етуі мүмкін», – дейді қауымдастықтың талдау орталығы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →