Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті •

    «Би билейтін уақыт емес, ой ойлайтын уақыт»: Асхат Аймағамбетов тренд қуатын мұғалімдерді сынады

    «Би билейтін уақыт емес, ой ойлайтын уақыт»: Асхат Аймағамбетов тренд қуатын мұғалімдерді сынады
    Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім берудің тиімді жолын іздегенше, әр қадамын видеоға түсіріп, тренд қуатын директорларды, мұғалімдерді сынаға алды. Депутат жасандылықпен айналысатын директорлар жайлы Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today. 
    Депутат әлеуметтік желіде тренд қуып, видео түсіретін мұғалімдердің әрекетін қолдамайтынын айтты. Сонымен қатар педагог көп уақытын желіге жұмсағаннан гөрі оқушыға білім беріп, өнеге көрсеткені абзал екенін атап өтті.

    «Мен парақшамды өзім жүргіземін. Бір рилс түсіріп, оны монтаждап, жүктеуге қаншама уақыт кетеді. Ал мұғалімнің уақыты не үшін қажет? Әрине, оқушыға білім беру үшін. Баланың жүрегіне жол табу үшін онымен бірге секіріп, ойнап-күлудің қажеті жоқ. Ол үшін педагогика ғылымы бар. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің әдістері сол жерде баяндалған. Көп жағдайда біз барлық жауапкершілікті министрлікке жүктеп қоямыз. Министрліктің өз міндеттері жетіп-артылады. Сондықтан бұл мәселеде әркім өзінен бастауы тиіс. Егер рилстар мыңдаған лайк жинаса, өзгелер де соны қайталай бастайды. Әрине, егер Абайдың қара сөздері мен өлеңдері айтылса, ол дұрыс. Бірақ бәрі бишіге айналғандай. Қазір той тойлап, би билейтін емес, ой ойлайтын уақыт», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →