Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған •

    12 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Дубайдан қайтарылды

    12 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Дубайдан қайтарылды
    Фото: ҚР Бас прокуратурасы
    Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан бұзақылық ниетпен адамға орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген күдіктіні қайтарды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Қадағалау органының мәліметінше, ер адам 2012 жылдың 25 наурызында Теміртауда ер адамды себепсіз қатты соққыға жығып, жақ сүйегін екі жерінен сындырған деген күдікке ілінген.

    «Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды», – Бас прокуратура 2025 жылғы 8 шілдеде хабарлады.

    Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды.

    2022-2023 жылдар аралығында Алматыда Wildberries компаниясына инвестиция салып, сыйақы береміз деген желеумен алты адамның ақшасын иемденіп алған Қазақстан азаматы да БАӘ-ден қайтарылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →