Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еліміз жаңа технологиялардың арқасында жылына 2,2 млрд текше метр су үнемдемек Қазақстанның АӨК өнімдері экспорты бес жылда $7 млрд-қа жетті Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Еліміз жаңа технологиялардың арқасында жылына 2,2 млрд текше метр су үнемдемек Қазақстанның АӨК өнімдері экспорты бес жылда $7 млрд-қа жетті Әкімдік кімді ақымақ қылмақ: Қарағанды тасжолында шұңқыр жамалмай, сызық сызылып кеткен «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады?

    Bereke Bank иесі 21,3 млрд теңгеге ұшақ сатып алған

    Bereke Bank иесі 21,3 млрд теңгеге ұшақ сатып алған

    2024 жылдың қазанында Қазақстандағы Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алған Катарлық Lesha Bank, өз сайтында Airbus A320neo ұшағын 150 млн катар риалына (шамамен 21,3 млрд теңге) сатып алғанын хабарлады.

    Ұшақ ұшақтар мен авиациялық бөлшектерге инвестиция салу, оларды сатып алу және басқарумен айналысатын немістің EMP Aviation Trading GmbH компаниясынан алынғаны айтылды.

    Lesha Bank бұл сатып алуды «банк тарапынан әртараптандырылған авиациялық платформа құру стратегиясына сай жүзеге асырылған стратегиялық қадам» деп бағалап отыр.

    Бұған дейін Lesha Bank бас директоры Мохаммед Исмаил әл-Эмади банк 2024 жылы бес Boeing 777-300ER ұшағын сатып алып, оларды жалға бергенін айтқан болатын.

    Сол кезде банк АҚШ пен Катарда элиталық жылжымайтын мүлік сатып алып, Ұлыбританиядағы білім беру платформасына және төлем технологияларын интеграциялау фирмасына инвестиция салған.

    Ал 2025 жылдың сәуірінде Lesha Bank Дохадағы Вест-Бэй ауданынан тұрғын үй кешенін сатып алғанын хабарлады. Келісім құны 280 млн катар риалын немесе шамамен 39,3 млрд теңгені құрады. Бұл сома — Bereke Bank-ті сатып алуға жұмсалған қаражаттың 60,5 пайызына тең.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →