Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті

    «Заң мен тәртіп» апталығы: Алматы қаласындағы қайтарылған активтер белгілі болды

    «Заң мен тәртіп» апталығы: Алматы қаласындағы қайтарылған активтер белгілі болды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – активтерді қайтару болып табылады. Бұл туралы Qazaq.today тілшісі хабарлайды.

    2022 жылдан бері Агенттік 1,152 трлн теңгеден астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты мемлекеттік меншікке қайтарды, оның ішінде 329,4 млрд тенге тікелей бюджетке өтелді.

    Қайтарылған активтердің қатарына бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық нысандар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс нысандары, жер телімдері, люкс санаттағы автокөліктер мен ақшалай қаражаттар кіреді.

    Шетелден 670,5 млн АҚШ доллары (297,5 млрд теңге) қайтарылды, оның ішінде: Австриядан – 82,1 млн доллар (36,8 млрд теңге), Лихтенштейннен – 260,5 млн доллар (116,7 млрд теңге), Біріккен Араб Әмірліктерінен – 14 млн доллар (6,3 млрд теңге), Түркиядан – 13,92 млн доллар (6,5 млрд теңге).

    Алматы қаласында 4 ірі нысан қайтарылып, ғылыми-зерттеу және оқу орындарына берілді.

    2025 жылғы 27 маусымда «Заң мен тәртіп» апталығы аясында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз турын өткізді. Журналистер мемлекетке берілген нысандарды көзбен көріп, танысуға мүмкіндік алды.

    Сонымен қатар, Баспасөз қызметкерлері күні қарсаңында баспасөз турын жарықтандырған журналистер Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының атынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →