Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Бір күнде 2 адам суға батқан Сайран көлінің айналасы қоршалды

    Бір күнде 2 адам суға батқан Сайран көлінің айналасы қоршалды

    Бүгін су қоймасының маңына «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту жазулары бар темір қоршаулар орнатылды. Көл маңында полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр, суға кіруге уақытша тыйым салынған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару қайықтары жеткізілді. Нысан маңында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтар көл маңында серуендеп жүр.

    Айта кетейік, кеше көл маңында қайғылы жағдай болды. 25 маусым күні Алматы қаласындағы Сайран көліне жасөспірім мен ересек ер адам батып кетті. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған 48 жастағы ер адам мас болған.

    Алматы қаласының ТЖД Сайран көлінде шомылуға барлық құрылыс, санитарлық іс-шаралар аяқталғанға дейін және нысан ресми пайдалануға берілгенге дейін қатаң тыйым салынғанын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →