Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді •

    Руслан Берденовке жасалған қастандық: Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

    Руслан Берденовке жасалған қастандық: Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

    Шымкент қаласының прокуратурасы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісінің тергелуі аяқталғанын мәлімдеді. Ресми дерекке сәйкес, жақын арада іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Қылмыстық істің тергеу жұмыстары толық аяқталды. Қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Осы рәсімнен кейін іс сотқа жолданады. Алдын ала болжам бойынша – келесі айда», – деп хабарлады Шымкент қалалық прокуратурасы

    Берденовтің қызметіне қайта оралғаны туралы сұраққа қала әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ол әлі жұмысқа кіріскен жоқ.

    Еске салайық, 21 сәуір күні Руслан Берденовке әкімдік ғимаратынан шыққан сәтте оқ атылған. Тергеу барысында күдіктінің — шенеуніктің бұрынғы бағыныштысы Ернар Жиембай екені анықталды. Ол мылтықтан бес рет оқ атып, әкім орынбасарына ауыр жарақат салған.

    Мамыр айының басында Руслан Берденов алғаш рет байланысқа шығып, дәрігерлерге алғысын білдіріп, қалай ем қабылдап жатқанын баяндаған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →