Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді •

    Жүрегі тоқтап қалған өскемендік қайта тірілді

    Жүрегі тоқтап қалған өскемендік қайта тірілді

    Өскеменде фельдшерлер бригадасы жүрегі тоқтап қалған науқасты қайта тірілтіп алды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеп. 

    Оқиға 18 маусым күні таңертең болған. Сағат 04:35-те жедел жәрдем қызметіне 67 жастағы ер адамнан қоңырау келіп түскен: ол қатты ентігуге, жүрек қағысының жиілеуіне және инфаркт белгілеріне шағымданған. Оқиға орнына фельдшерлер Альфия Исмаилова мен Лильназ Ерхатова және жүргізуші Раджан Байғазиден құралған бригада шыққан.

    Алғашқы көмек көрсетіліп, ЭКГ түсірілгеннен кейін науқасты ауруханаға жеткізу басталды. Жолда оның жағдайы күрт нашарлап, ауыр аритмия пайда болып, жүрегі тоқтап қалған. Бригада дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастады. Екі цикл СЛР-дан кейін жүрек қағысы қалпына келді.

    «Науқас облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық топқа тапсырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл фельдшер Исмаилованың тәжірибесіндегі осындай екінші жағдай. Алғашқысы 2024 жылғы сәуірде Солнечный ауылында болған.

    Ол кезде де 57 жастағы ер адамның өмірін жүрек тоқтағаннан кейін аман алып қалған. Екі жағдайда да тәжірибелі бригаданың үйлесімді әрекеті шешуші рөл атқарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →