Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Ақтауда сатушыны ұрған тұрғын 6 айға сотталды

    Ақтауда сатушыны ұрған тұрғын 6 айға сотталды

    Оқиға 27-шағын ауданда орналасқан «Ақсу» дүкенінде болған. Ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын сыра сатпағаны үшін саудагердің оң жақ бетінен жұдырықпен ұрған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Жалпы мұндай жағдайда ҚР Қылмыстық Кодекстің 293-бабы 1-бөлігінің санкциясында 500-ден 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 300-ден 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға және 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

    «Сот жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →