Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтар көрген ғажайып нысанның неден пайда болғанын түсіндірді

    Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтар көрген ғажайып нысанның неден пайда болғанын түсіндірді

    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірнеше қала тұрғындары көрген белгісіз жарықтардың пайда болу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ведомство түсініктеменің өзінің Telegram арнасында жариялады.

    «5 маусымнан 6 маусымға қараған түні Орталық және Солтүстік Қазақстан тұрғындары, оның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының халқы аспанда жарқыраған құбылысқа куә болды. Бұл бұрын орбитада болған ғарыш нысандарының бірінің атмосфераға енуімен байланысты болуы мүмкін», – деп топшылады. министрлік.

    Ғарыштық қалдықтардың қозғалысын бақылайтын халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес, дәл осы уақыт аралығында үш жағдай тіркелген, олардың әрқайсысы байқалған құбылысты тудыруы мүмкін. Атап айтқанда, Қытайдың ZQ-2E зымыранының үдеткіш блогы.

    “Атмосфераға ену уақыты: 5 маусым, Астана уақытымен шамамен 22:40. Нысан: LandSpace компаниясы 17 мамырда ұшырған Zhuque-2 Enhanced зымыранының сатысы. Ерекшелігі: Экологиялық таза отын (сұйық метан мен оттегі) пайдаланылады, жану кезінде айқын жарық шығарады”, – делінген хабарламада.

    Бұл нысан уақыт жағынан және көрініс сипаттамасы бойынша Қазақстан тұрғындарының байқаған құбылысына дәлме-дәл сәйкес келеді.

    Екінші нысан – STARLINK-1631 (SpaceX) спутнигі. 

    Атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 03:41. Ескі спутниктердің бірінің жоспарлы орбитадан шығуы”, – деп хабарлады министрлік.

    Ал үшіншісі – Жапондық H-2A R/B зымыранының үдеткіш блогы. Оның атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 00:36. Нысан пассивті орбитадан шығу режимінде болған.

    Қазір Қазақстан Республикасы аумағына қандай да бір фрагменттердің құлағаны немесе залал келтіргені туралы расталған ақпарат жоқ. Мұндай нысандар, әдетте, атмосферада толық жанып кетеді (ірі бөліктердің Қазақстан аумағына құлауы екіталай), ал құбылыстың өзі көрнекі болғанымен, қауіпсіз үдеріс болып саналады.

    Министрлік азаматтардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →