Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді •

    Ер адам отбасын асыраумен өткізген әр уақыты үшін сауапқа кенеледі — бас мүфти

    Ер адам отбасын асыраумен өткізген әр уақыты үшін сауапқа кенеледі — бас мүфти

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Сапар барысында бас мүфти Екібастұз қаласында орналасқан, әлемдегі ең ірі ашық әдіспен көмір өндіретін кәсіпорындардың бірі болып саналатын «Богатырь Көмір» ЖШС-інде болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

    Кәсіпорынның бас директоры Рғайбек Қайрат Рғайбекұлы мекеменің қызметімен таныстырды.

    Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы былай деді.

    «Шариғатта ғибадат істермен қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік секілді дүние істері бірге жүреді. Алла Тағала Құранда:«Намазды оқып болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ырыздық-несібе іздеңдер. Алланы көп еске алыңдар, табысқа жетерсіңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят) деп құлшылықпен қатар еңбек етуге, адал табыс табуды бұйырған, — деді ол.

    Оның сөзінше, отбасын асырау – ер азаматтың мойнындағы асыл міндеттің бірі.

    Ер адам еңбектенумен әрі отбасын асыраумен өткізген әр уақыты үшін сауапқа кенеледі. Оның отбасы үшін берген қаражаты қайырлы садақалардың бірі саналады. Қасиетті хадистердің бірінде: «Адамның жұмсаған ақшасының ең қайырлысы – өзінің отбасы үшін жұмсаған динары және Алла жолында мінетін көлігіне жұмсаған динары мен Алла жолындағы жолдастары үшін жұмсаған динары» делінген. Алла Тағала жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін» деді. Кездесу барысында Бас мүфти ел игілігі үшін арнайы дұға жасады, — деп айтты бас мүфти.

    Айта кетсек, Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған болатын. Алла Тағала адал еңбек етіп жүрген әрбір жанға еңбегінің жемісін көруді нәсіп етсін!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →