Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында жастар мен еріктілердің экологиялық слеті өтуде Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Қостанай облысында жастар мен еріктілердің экологиялық слеті өтуде Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады

    Бір адам жараланды: Алматыда атыс болды

    Бір адам жараланды: Алматыда атыс болды
    Алматыда травматикалық қарумен жасалған атыс оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам жараланды. Оқиға Алатау ауданындағы мекемелердің бірінде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 
    Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті — Жетісу облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан оқ атуға пайдаланылған травматикалық қару тәркіленген.
    «Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал бір-бірін танитын екі азаматтың арасында туындап, оның соңы атысқа ұласқан. Күдікті қарсыласының аяғына оқ атқан. Қазір оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», — деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
    Оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқылануда. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →