Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында жастар мен еріктілердің экологиялық слеті өтуде Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Қостанай облысында жастар мен еріктілердің экологиялық слеті өтуде Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады

    “5 жыл бойы”: Атырауда өгей әкесі қызын екінші әйелі болуға мәжбүрлеп, зорлаған

    “5 жыл бойы”: Атырауда өгей әкесі қызын екінші әйелі болуға мәжбүрлеп, зорлаған

    Атырау облысы Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам бес жыл бойы өзінің 12 жастағы өгей қызына азғындық әрекеттер жасаған. 

    Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз 17 жасқа дейін бұл жайында ешкімге тіс жармаған. Тек кейінірек батылдық танытып, бар шындықты туысына айтып берген.

    Қорлық 2018 жылы қыздың анасы перзентханаға кіші баласын босануға кеткенде басталған. Анасы үйде болмаған кезде зорлық-зомбылық тыйылмаған. Ер адам қызды түрлі жолмен қорқытқан. Ол ешкім сенбейтінін, егер біреуге айтса, анасынан айырылып, үйден қуылатынын айтқан. Қыз қорқынышпен өмір сүріп, үндемей жүрген. Ақыры бір күні ол туысына сеніп, болған жайтты айтып берген.

    “Атырау тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты азғындық әрекеттер жасалғаны туралы арыз түсірді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Полиция барлық тараптардың құқықтарын қамтамасыз ете отырып, заң аясында әрекет етуде”, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →