Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Судья Шерзат өлімі бойынша сот отырысын сынағандарға ескерту жасады

    Судья Шерзат өлімі бойынша сот отырысын сынағандарға ескерту жасады

    Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында Ержан Жанұзақов есімді судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ресми ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Судьяның айтуынша, тергеу және сот процесіне сырттан берілетін бағалар мен пікірлер әділетті сот төрелігіне кедергі келтіруі мүмкін.

    «Әлеуметтік желілерде бұл іске қатысы жоқ азаматтар мен блогерлер тергеу әрекеттері мен сот барысына қатысты жеке пікір білдіріп, субъективті баға беріп жатыр. Конституцияның 75-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстанда сот төрелігі тек сотпен жүзеге асырылады. Сот қызметіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ және мұндай әрекеттер заң бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін», – деді судья Ержан Жанұзақов сот отырысында.

    Судья өз сөзінде сот шешімі заңды күшіне енбейінше қоғамдық пікірдің, әсіресе құқықтық баға беру әрекеттерінің заңға қайшы екенін еске салды.

    «Сот барша дәлелдер мен дәйектерді айыптау және қорғау тарапынан толық және жан-жақты зерттеуге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз, бейтарап болуы керек және қандай да бір тараптың ықпалына түспеуі тиіс. Шешім тек заң негізінде қабылданады», – деп түйіндеді ол.

    Еске салсақ, осыған дейін сот отырысындағы кемшіліктер жайлы танымал адвокат Джохар Өтебеков жазған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →