Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді •

    «Еркектің өз қасиеті бар, обал емес пе»: Асанәлі Әшімовтің киімін киген қыздар сынға қалды (ВИДЕО)

    «Еркектің өз қасиеті бар, обал емес пе»: Асанәлі Әшімовтің киімін киген қыздар сынға қалды (ВИДЕО)

    Театр маманы Салтанат Мақсот пен актриса Ажарлым Мағзұм аңыз актер Асанәлі Әшімовтен костюм-шалбарын сыйға алған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Қайырлы күн, достар! Кеше Ажарлым досым екеумізге 88-жасқа толған Асанәлі ағам сыйлық ретінде костюмін сыйлады. Қазақстанда ағаның костюмін сыйға алған тұңғыш қыздар @azharlym_magzum_official екеуміз шығар. Ағаның жасына жетейік. Бұл қазақтың әдемі ырымы ғой. Ағаға ұзақ ғұмыр тілеймін! Аман жүріңіздер. Ұрпақ қызығын тең көріңіздер. Біз Сіздерді жақсы көреміз», — деп жазды Салтанат Мақсот.

    Осы тұста желі қолданушыларының пікірі алуан болды. Бірі құттықтап актердің киімі жараса кеткенін айтса, енді бірі еркектің киімін әйелге киюге болмайтынын айтты.

    «Біз қазақ деген ұлт емеспіз бе? Ата салтымыз бойынша әйел адам еркектің киімін кимейді ғой? Оның ішінде шалбар кию деген жат қылық. Қашан қазаққа айналамыз», «Негізі ер жігітке береді», «Әйел адам ер адамның киімін кимейді. Еркектің өз қасиеті бар, обал емес пе», «Қыз балаға ер адамның киімін кигізуге болмайтыны шариғатта айтылған»,  — деп жазды олар. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →