Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қор нарығында доллар арзандады

    Қор нарығында доллар арзандады

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,33 теңгеге арзандады.

    Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510, 06 теңге.

    Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 510 теңге. Еуро 566 — 572 теңге аралығында құбылып тұр.

    Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны – 508 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.

    Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,18 — 6,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.

    Ұлттық банктің 13 мамырға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 513,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,33 теңге. Еуро – 569,17.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →