Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті •

    Депутат Роза Рымбаеваның құқығы тапталып жатқанын мәлімдеді

    Депутат Роза Рымбаеваның құқығы тапталып жатқанын мәлімдеді
    Фото: instagram.com/rozarymbaeva

    Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков еліміздегі авторлық құқық саласындағы заңнамада елеулі олқылық барын көтеріп, белгілі әнші Роза Рымбаеваның мысалын келтірді. Бұл туралы депутат Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Құсбековтың айтуынша, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңның 16-бабына сәйкес, авторлар мен құқық иеленушілер туындыларын пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқылы. Алайда, қазіргі заңнамада ретрансляция кезінде авторлар мен орындаушылардың мүліктік құқықтарына қатысты ешқандай төлем көзделмеген.

    «Мысалы, Роза Рымбаеваның әндері телеарналар мен радиоларда жиі шырқалады. Бірақ қазіргі заң бойынша, оларды ретрансляциялау үшін ешқандай сыйақы төленбейді. Бұл – әншінің заңды құқықтарының бұзылуы», – деді депутат.

    Министр Ерлан Сәрсембаев бұл пікірмен келісіп, қолданыстағы заңнамада ретрансляция теле-радиоарналардың мүліктік құқығы ретінде қарастырылатынын түсіндірді.

    «Иә, сіз дұрыс айтасыз. Заңның 16-бабында нақты солай жазылған. Қазір әзірленіп жатқан заң жобасы бұл мәселені тек вещательдік ұйымдардың құқықтары шеңберінде реттейді. Ал орындаушылардың құқықтары бұған кірмейді және олар бұзылып жатқан жоқ», – деді Әділет министрі.

    Осылайша, әншілер мен авторлардың туындылары эфирде кеңінен қолданылып жатса да, оларға сыйақы төлеуге қатысты құқықтық негіз әлі толық реттелмеген болып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →