Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр •

    Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

    Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

    Мемлекет басшысы Маңғыстау жұртшылығымен кездесуді Әбіш Кекілбаевты еске алумен бастады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Ақтауға келердің алдында жанашыр әрі ақылшы ағамыз болған Әбіш Кекілбаев ойыма оралды. Әбекең екеуіміз біраз жыл қызметтес болып, бірге жүрдік. Аға-іні ретінде сыйласып, жақын араластық. Еліміздің өткені, бүгіні және болашағы туралы жиі әңгімелесетін едік. Әдебиет тақырыбында пікір алмастық.

    Қазір «Әбіш әлемі» деген ұғым халқымыздың санасына әбден сіңіп кетті. Расында, бірегей тұлға, аса көрнекті жазушы, тарихшы, философ Әбіш Кекілбаевты біз және өскелең ұрпақ әрқашан жадымызда сақтауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық, ұлттық борышымыз. Абыз ағамыз – барша қазақтың мақтанышы. Әбекең туған өлкесі Маңғыстауды ерекше жақсы көретін.

    Қасиетті орындары, қайталанбас табиғаты және кеңпейіл халқы туралы сөйлегенде шабыттанып кететін. «Маңғыстаудың дариясы – халқының көкірегінде» деп жиі айтатын. Осы өңірге келген сайын сол сөздердің ақиқат екеніне көзіміз жететіні анық. Мен 2019 жылы Әбіш ағаның ескерткішінің ашылуына арнайы келетінімді айтқан едім. Кейін сол уәдемді орындап, Ақтауда қазақ халқының ұлы перзентіне арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатыстым. Сол себепті, өздеріңізбен кездесуді Әбіш аға туралы естеліктен бастап отырмын».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →