Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті

    12 келі алтын: Шымкентте Назираның сарайынан бума-бума ақша мен бағалы әшекейлер тәркіленді (ВИДЕО)

    12 келі алтын: Шымкентте Назираның сарайынан бума-бума ақша мен бағалы әшекейлер тәркіленді (ВИДЕО)

    Фото: скриншот

    Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкенттегі департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Агенттік қаржы пирамидасын құрған адамның үйіндегі тінтуді видеоға түсіріп, желіге салған. Зәулім үйдің ішінен бума-бума ақша, алтын және есігінің алдынан бірнеше қымбат көлік тәркіленген.

    «Өзін зергерлік бұйым сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген. Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған. Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйым тәркіленген», — деп хабарлады ҚМА.

    Үйі әшекейге толы келіншек «Назира голд» атауымен елге танымал. Назира Бибосынова өзінің аккаунтына Nazira Gold деп жазған және осы компанияның әдемі кештерінен бірнеше видео жүктеген. Кеш қонақтары арасында лоторея ойнатып, көлік таратқан. Кешке Қазақстандағы танымал жұлдыздарды шақырған. Арасында алтын бұйымдардың жарнамасы да бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →