Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    Трамптың арнайы өкілінің ұшағы Мәскеуге қонды — БАҚ

    Трамптың арнайы өкілінің ұшағы Мәскеуге қонды — БАҚ

    Фото: 1tv.ge

    АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткоффтың ұшағы Мәскеуге қонды. Бұл туралы ресейлік БАҚ америкалық блогерлерге сүйене отырып жазды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

    Flightradar мәліметтері бойынша Уиткофф ұшатын Gulfstream G650ER бизнес джеті Мәскеудегі Внуково әуежайына жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында қонған.

    t.me/mash

    Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльде Трамптың арнайы өкілі Мәскеуге келгені туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

    «Ешқандай ақпарат жоқ, бізде ешқандай кездесу жоспарланбаған», — деді Песков журналистерге.

    Стивен Уиткофф — америкалық кәсіпкер және коммерциялық жылжымайтын мүлік инвесторы. 2024 жылы желтоқсанда ол АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі болып тағайындалды. Екі ай ішінде ол Израиль мен ХАМАС-ты келіссөздер үстеліне отыруға және ымыраға келуге мәжбүр еткені айтылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →