Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Сирияға уақытша президент тағайындалды

    Сирияға уақытша президент тағайындалды

    Жаңа биліктің жетекшісі, яғни уақытша президент Ахмед Аш-Шараа болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сирияда уақытша президенттің тағайындалуымен қатар, әскер таратылған. Мұны Asharq Al-Awsat жазып отыр.

    – Сирия президенті міндетін атқарушы болып Ахмед Аш-Шараа тағайындалды, ол елдің президенті ретінде қызмет атқарады және халықаралық форумдарда Сирияны таныстырады, – делінген ресми мәлімдемеде.

    Сонымен қатар, елдің барлық құқық қорғау органы таратылып, жаңа күштік құрылым құру туралы шешім қабылданған.

    – Біз құлаған режимнің армиясын тарату туралы мәлімдейміз және сириялық армияны ұлттық негізде қайта қалпына келтіруді бастаймыз. Біз құлаған режим құрып кеткен барлық қауіпсіздік қызметін, олардың бөлімшелері мен атауларымен бірге және олар құрған барлық қарулы құрылымды тарату туралы жариялаймыз. Сондай-ақ, жаңа қауіпсіздік қызметін құру туралы хабарлаймыз, – деп жазылған мәлімдемеде.

    Жаңа билік 2012 жылы қабылданған Конституция мен оның барлық түзетуінің күшін жою туралы шешім қабылдап отыр.

    Еске салайық, 2024 жылдың қараша айының соңында қарулы оппозициялық топтар Сирия армиясының позицияларына ауқымды шабуыл бастаған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →