Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады •

    74 жаста: Павлодарда ішіп алып көлік жүргізген әжей жазаланды

    74 жаста: Павлодарда ішіп алып көлік жүргізген әжей жазаланды

    Сот сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша И.-ге қатысты істі қарады  (ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б.).

    Сот 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік масаң күйде «Toyota» маркалы көлік құралын басқарғаны анықтаған. Сот отырысында азаматша құқық бұзушылық дерегін мойындады.

    Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, медициналық куәландыру қорытындысы, бейнежазба арқылы расталады.

    «ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. ӘКБтК-нің 50-б. 2-б. сәйкес елу сегiз жастан асқан әйелдерге қамаққа алуды қолдануға болмайды. Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →