Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды Алматыда Канье Уэст концертіне кіру сызбасы жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер Бурабайда өрт қаупіне байланысты тауларға шығуға тыйым салынды Павлодарда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды Алматыда Канье Уэст концертіне кіру сызбасы жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер Бурабайда өрт қаупіне байланысты тауларға шығуға тыйым салынды

    СҚО-да тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан мәйіттер табылды

    СҚО-да тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан мәйіттер табылды

    Солтүстік Қазақстан облысындағы Ступинка елді мекенінде жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 112 пультіне хабар түнде түскен. Газ баллонының жарылуы салдарынан шатыр мен төбе жабыны опырылды.

    Өрт сөндірушілер келгенде үй жалынға оранып үлгерген. Қазіргі уақытта өрт орнында 2 адамның денесі табылды, олардың жеке басы анықталып жатыр.

    Отбасының қалған мүшелері әлі табылған жоқ.

    Бүгінде мамандар тілсіз жауды оқшаулады. Өрттің ауданы шамамен – 104 шаршы метр.

    Фото: СҚО ТЖД

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →