Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Абай облысында грантқа түсіруге уәде берген алаяқ 1,6 млн теңгені қалтасына басқан

    Абай облысында грантқа түсіруге уәде берген алаяқ 1,6 млн теңгені қалтасына басқан

    Бородулиха ауданының тұрғыны грантқа түсемін деп, алаяқтықтың құрбаны болды.

    2024 жылғы маусым айында өзін «Ермекжан» деп таныстырған белгісіз ер адам тұрғынның қызын оқу орнына грант негізінде түсіруге көмектесемін деп, алдау жолымен 1,6 млн теңге көлемінде ақша иемденген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    19 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады.

    Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындағанымен, алынған ақшаны қайтару мүмкін болмады, себебі ол қаражатты толықтай жұмсап үлгерген. Тінту кезінде күдіктінің телефонынан алаяқтықты дәлелдейтін жазбаша хабарламалардың скриншоттары табылып, тәркіленді.

    Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге шақырту бойынша келу міндеттемесі жүктелді.

    Полиция азаматтарға сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Бейтаныс адамдардан күмәнді ұсыныстар түскен жағдайда, олардың заңдылығына көз жеткізбей, ешқандай шешім қабылдамауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →